Экономика

Экономика

2018 жылы Жамбыл облысының ЖӨӨ 972 млрд. теңгені құрады. Қазақстан өңірлерінің арасында ЖӨӨ көлемі бойынша Жамбыл облысы 16-шы орында.
    

Жамбыл облысының ЖӨӨ құрылымында қызметтерге 72,1% немесе 701 млрд.теңге, тауарларға 27,9% немесе 271,3 млрд. теңге келеді. Бұл ретте тауарлар бойынша ЖӨӨ-ге ең көп көлем өнеркәсіп өндірісіне келді – 64% немесе 173 млрд.теңге, ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 36% немесе 97 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы 
2018 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 97 млрд.теңгені немесе 2017 жылғы деңгейге 106,1% құрады. 

Өсімдік шаруашылығы
2018 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егісі 662 155,55 га жерге орналастырылды, оның ішінде жемшөптік дақылдар – 214,6 мың га, дәнді дақылдар – 300,6 мың га, бидай – 119,1 мың га, майлы дақылдар – 91,5 мың га, көкөністер – 32,6 мың га, бақша дақылдары – 11,5 мың га, картоп – 9,7 мың га, жүгері – 18,1 мың га.

Дәнді дақылдардың (бидайды қоса алғанда) жалпы түсімі гектарына 47,7 центнер орташа шығымдылығымен 10,2 млн.центнер, көкөністердің – гектарына 274,1 центнер шығымдылығымен 8,4 млн. центнер, бақшалардың – гектарына 261,6 центнер шығымдылығымен 3 млн. центнер, картоптың – гектарына 228 центнер шығымдылығымен 2,2 млн. центнер, майлы дақылдардың – гектарына 7,6 центнер шығымдылығымен 659 мың центнер, азыққа жүгерінің – гектарына 116,7 центнер шығымдылығымен 1 млн. центнер, гектар.

Мал шаруашылығы 
2018 жылдың қорытындысы бойынша облыста 2,6 мың бас қой мен ешкі, 1,3 мың бас құс, 361 мың бас ІҚМ, 113,2 мың бас жылқы бар.


Өнеркәсіп 
2018 жылы Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындары 173 млрд.теңгенің өнеркәсіп өнімін өндірді, нақты көлем индексі 100,2% құрады. 

Өсу үрдісі тау – кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 8% - ға (24 млрд.теңге), өңдеу өнеркәсібінде 2,5% - ға (127,8 млрд. теңге) байқалады.

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің 73,6% - ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Тау – кен өнеркәсібінің үлесі 13,8%, электрмен жабдықтау – 11,5% және сумен жабдықтау-0,9% құрады. 

Тау – кен өндіру саласында табиғи газды өндіру 9,7% – ға, газ конденсатын – 11,9% – ға, ұсақталған фосфат шикізатын – 43,6% - ға, майда тартылған фосфат шикізатын-48,8% - ға, табиғи құмды-28,4% - ға, ұсақталған қиыршық тас пен қиыршық тасты өндіру 1,7% - ға өсті.

Тамақ өнеркәсібі өнімінің көлемі 54 563 млн. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 14,6% артық. 

Химия өнеркәсібінің өнімі 121 790,4 млн.теңге сомаға өндірілді.

Металлургия өнеркәсібінің өндірісі 7,5% - ға артып, 42 676,2 млн. теңгені құрады. 

Металл емес минералды өнім өндірісі 5,8% - ға өсіп, 34 698,9 млн.теңгені құрады.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда машина жасау саласының өнімі 9 355,9 млн.теңгеге өндірілді. 

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 9,9% артып, 7 126,7 млн. теңгені құрады. 

Жеңіл өнеркәсіп өнімі 3 460,1 млн. теңге сомаға өндірілді.
  

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге